Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
Директор
87055373174
Приемная



















Хабарландыру!

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде «Ақырап негізгі мектебі»КММ-сінде Қамқоршылық Кеңестің қайта құрылатындығын және оның құрамын сайлау бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарлаймыз.

Ақырап негізгі мектебінің қамқоршылық кеңесі туралы

Қамқоршылық кеңесінің құрамы

Ақтөбе облысы,Алға ауданы әкімдігінің 10.12.2013 жылғы №535 қаулысы негізінде Ақырап негізгі мектебі директорының 02.09.2017 жылғы №4 бұйрығы шығарылып,қамқоршылық кеңесі құрылды.

Кеңес құрамы төмендегідей болып бекітілді:

1.Алдияров Е.М.- «Маржанбұлақ»ТОО басшысы

2.Борашева К.К.-ата-аналар комитетінің мүшесі

3.Мусаев З.-жеке кәсіпкер

4.Дюзелбаева Г.У.-кәсіподақ ұйымының төрайымы

5.Султангалиева Б.У.- мектеп психологы

Ақырап негізгі мектебінің Қамқоршылық Кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ

Қайыңдысай ауылы                     №1       «04»09.2017 жыл

Қатысқандар саны:

Күн тәртібінде:

1.2017-2018 оқу жылының қыркүйек айынан бастап 1-9 класс оқушыларын бескүндік оқу күніне ауысу туралы

Тыңдалды:

Алғашқы болып сөз алған қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дюзелбаева Г.У:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 04.09.2017 жылғы 11-1-2/467 хаты негізінде Ақырап негізгі мектебінде 1-9 класс оқушыларын жаңартылған білім мазмұнына сәйкес бескүндік білім алу күніне көшіру туралы түсіндірді.

  Қамқорлық кеңес мүшесі «Ақырап негізгі мектебі»ММ мектеп психологы Б.У.Султангалиева :

   Оқушыларға санитарлық талапқа сай сабақ ұзақтығы 40 минуттан 7-8 сабақтан болатындығын хабарлады.Сонымен қатар аптаның алтыншы күні 9 класс оқушылары бірінші ауысымда сабақ кестесіне сәйкес 3-4 сабақтан шығатындығын да атап өтті.

Шығып сөйлеуші қамқоршылық кеңесінің мүшесі  Алдияров Е.М:

Заман талабына сай бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдап,келісеміз.Болашақты жаңа ұрпақ қолына тапсыруда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұл шешімін жүзеге асыру кезек күттірмейтін  мәселе.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшелері Борашева К.К., Мусаев З ұсынысты мақұлдады.

Күн тәртібіндегі мәселені қарап,талқылап Қамқоршылық Кеңес отырысы қаулы қабылдады:

1.Жаңартылған білім беру мазмұнына сай мектепте 1-8 сыныптар үшін бескүндік сабақ кестесі жасалып,сонымен бірге 1-9 сыныптарға 40 минуттық қоңырау кестесі қоса бекітілсін.

2.1-8 сыныптар үшін бескүндік сабақ кестесі және 1-9 сыныптарға 40 минуттық қоңырау кестесін жасап,бекіттіру оқу ісінің орынбасары А.С.Курмангалиеваға міндеттелсін.

Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы,

«Маржанбұлақ»ТОО басшысы :                                            Алдияров Е.М.-

Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі,

ата-аналар комитетінің мүшесі                                            Борашева К.К.-

Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі,

жеке кәсіпкер                                                                           Мусаев З.-

Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі,

кәсіподақ ұйымының төрайымы                                        Дюзелбаева Г.У.-

Қамқоршылық Кеңесінің хатшысы,

мектеп психологы                                                                   Султангалиева Б.У.-

   8 сынып оқушысы Проковский Владиславқа жеке кәсіпкер  Дильман Владимир жылы күртеше алып берді.Сонымен бірге Қуаныш Әлішер мен Жоламанов Нұрхатқа мектеп оқулықтары сыйға тартылды. «Светлана» шаруа қожалығы Ляль Исмаилға спорттық аяқ киім және спорттық киім тарту етті.9 сыныпты аяқтаған мектеп түлегі Қыстаубаев Еркебұлан өзінің жеке сатып алған оқулықтарын көпбалалы отбасының оқушысы Рзабаева Айкеримге тарту етті.